Қазақстан қандай азық-түлік өнімдерін шетелден импорттап отыр?

2298

Елде азық-түлік өндірісі бір жылда 2%-ға өскен.

Қазақстан қандай азық-түлік өнімдерін шетелден импорттап отыр?

Қазақстан қант, балық, ірімшік, шұжық өнімдерін шетелден импорттауға мәжбүр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда елде 2,2 трлн теңгенің азық-түлік өнімі өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 14,9%-ға артық. Өнеркәсіптік өндіріс индексіне сәйкес сектордағы нақты өсім – 1,9%. 

Ең көп азық-түлімі өнімі Алматы облысында өндірілген: 331,3 млрд теңге, бір жылда плюс 17,8%. Үздік үштікке Қостанай облысы мен Алматы қаласы енді. 2020 жылы Қазақстанда 2 трлн теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 3,2%-ға артық.

Сектордағы өндірістің 18,4%-ы ұн тарту-жарма және крахмал өнімдері үлесінде (408,8 млрд теңге), осынша үлес сүт өнімдерін шығаруға (408,4 млрд теңге) тиесілі. Тағы 16,5%-ы ет және ет өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және консервілеу (366 млрд теңге), 11,2%-ы нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру (249,3 млрд теңге) және осынша бөлік өсімдік және мал майы мен тоң майын шығару (248 млрд теңге) үлесінде.

Заттай мәнде негізгі азық-түлік өнімдері арасында қант өндірісі бірден 58%-ға (276,9 мың тоннаға дейін), ірімшік және сүзбе шығару – 13,4%-ға (37 мың тоннаға дейін), құс етін өндіру – 9,7%-ға (110,3 мың тоннаға дейін) өсті.

Дайындалған немесе консервіленген балық, уылдырық және оны алмастырғыштар (51%, 13,4 мың тоннаға дейін), балық (34%, 40,3 мың тоннаға дейін), ұн (6,9%, 3,1 млн тоннаға дейін) және өсімдік майы (2,9%, 450,6 мың тоннаға дейін) өндірісі төмендеді. 

2021 жылғы қаңтар-қарашада отандық өндірушілер ет пен құс етіне (жергілікті компаниялар ресурстардың 86,1%-ы қамтамасыз етті), сүт пен кілегейге (96,2%), күрішке (97,8%) және ұнға (99,5%) ішкі және сыртқы сұранысты қамтамасыз етті. 
Жергілікті компаниялар өсімдік майын тек 75,9% қамтамасыз еткен. Қазақстан қант (41,7%), балық (52,8%), ірімшік және сүзбе (54%), шұжық (55,9%) сынды өнімдерді шетелден импорттауға мәжбүр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу