Қазақстан мектептеріндегі орын тапшылығы 2026 жылға қарай 1 миллионнан асуы мүмкін

555

Ресми деректерге сүйенсек, қазір елімізде 136 мектеп үш ауысымда оқып жатыр, 71 мектеп апатты деп танылды, ал оқушы орындарының тапшылығы — 270 мыңды құрайды.  

Қазақстан мектептеріндегі орын тапшылығы 2026 жылға қарай 1 миллионнан асуы мүмкін Фото: Хабар 24

Егер тиісті шаралар қабылданбаса, Қазақстан мектептеріндегі орын тапшылығы 2026 жылға қарай 1,1 млн құрауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Туу, урбанизация, өңірішілік және өңіраралық көші-қон, сондай-ақ мектеп ғимараттарының тозуы көрсеткіштерін ескере отырып, ведомство мамандары жасаған есепке сәйкес 2026 жылға қарай тапшылық 1,1 млн. астам болады.

Осы мәселені шешу мақсатында 2021-2022 жылдар кезеңінде "1 000 мектеп құрылысы" жобасын іске асыру шеңберінде 299 мың оқушы орнына (екі ауысымда) 524 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде:

  • 2021 жылы — 163,3 мың орындық 277 мектеп (екі ауысымда);
  • 2022 жылы — 135,7 мың орындық 247 мектеп (екі ауысымда).

Сондай-ақ, 2023 жылы 25,6 мың орындық бұрын басталған 48 мектепті аяқтауға 30,2 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, 2023 жылы білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатынан 76,7 мың оқушы орнына (екі ауысымда) 62 нысан салуға 96,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:

  • бұрын басталған 75 338 оқушы орындық 59 мектептің құрылысын аяқтау;
  • 1400 оқушыға арналған екі жаңа нысан салу;
  • 200 төсек-орыны бар 1 интернат салу.

Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба іске асырылып жатыр. 2026 жылға дейін қалаларда және белсенді дамып келе жатқан елді мекендерде 740 мың жаңа оқушы орнын (екі ауысымда) пайдалануға беру жоспарланды.

Осылайша, 2026 жылға дейін 1,1 млн оқушы орны ашылады деп күтілуде, бұл оқушы орындарының қазіргі және болжамды тапшылығын жоюға, сондай-ақ үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу