Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

1180

Сенатта "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы" заң қабылданды.

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

"Аталмыш келісім тікелей әуе қатынасын ашуға бағытталған. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды арттыруға, біздегі халықаралық авиарейстер санын көбейтуге мүмкіндік береді", – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Дегенмен АҚШ әуе тасымалына жоғары талап қоятыны түсінікті. Атап айтқанда, екі арада қонбай ұшатын ұшақтар болуы міндет. Біздегі компанияларда ондай ұшақтар саны жеткілікті ме? Осы сауал депуттар тарапынан қойылды.

"Эйр мен Boeing компаниялары 2023 жылы сондай ұшақтар алуға келісімшарт жасалған. Бірақ індетке байланысты Boeing компаниясы ұшақ сатып алуды 2025 жылға шегерді. Қосымша Scat компаниясы сатып алуға жұмыс істеп жатыр. Қорыта айтқанда, 2023-2025 жылдар арасында лайықты лайнерлер алдыра бастаймыз", – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. 

Дегенмен нақты рейстердің ашылу мерзімін айтпады.

"Былтыр АҚШ-тан комиссия келіп, астана мен Алматы әуежайлары стандартқа сай екенін көріп қайтқан. Олар біздің қол қоюымызды ғана күтіп отыр", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу