Армян тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
2019 жылдың қазан айында Ереванда жоғары деңгейдегі екіжақты кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша қабылдаған шараларды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды қоса алғанда, көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелері нақты қаралды.
Коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимылда, оның ішінде Қазақстан мен Армения азаматтарын отанға қайтару бойынша күш-жігерді үйлестіру мәселелерінде өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.
Нұр-Сұлтан мен Ереванның саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ықыласы расталды.