Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы қайта ашылады

861

Ресей сондай-ақ Қырғызстан және Беларусьпен де халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы қайта ашылады

Екі мемлекеттің уәкілетті құрылымдарының шешіміне сәйкес 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Рейстер өзара негізде аптасына бір рет орындалады.

Рейстер және билеттерді сату Қазақстан мен Ресей белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, шектеулер алынынып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың с сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, Ресей тарапы Қырғызстан және Беларусь Республикаларымен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу