Қазақстан Ресейден 42 млн долларға қағаз қалдығын сатып алған

1029

Қазақстанда 160-тан астам қайта өңдеу кәсіпорны бар болғанымен, олар шикізат жетіспеушілігі себебінен толыққанды жұмыс істемей тұр. 

Қазақстан Ресейден 42 млн долларға қағаз қалдығын сатып алған

Кеңселерде экомәдениетті қалай қалыптастыруға болады. Бұл туралы экобоксты насихаттап жүрген "Eko Network" компаниясының жетекшісі Аида Бапахова айтып берді.

"Қазақстанның бірнеше қаласын қамтитын стартап жобаға бүгінгі күні 15 600-дей қызметкері бар сексеннен астам компания қосылды. Бұл адамдар өз жұмыс орнынан шыққан қалдықтарды ажыратып, өңдеуге жіберуде. Мақсатымыз – еліміздегі компанияларға эко мәдениет енгізу. Ол үшін бірінші кезекте қалдықтарды қалай сұрыптау керектігін үйретеміз. Содан кейін, жәшіктерді орнатамыз. Компаниялар қалдықтарын қалай сұрыптап жатқандығына тұрақты түрде мониторинг жасап отырамыз. Бүгінгі күні осы компаниялар 41 тоннадан астам қағаз, 3 тоннадан астам шыны, 2,6 тоннадай пластик қалдығын қайта өңдеуге өткізді. Егер қайта өңделген шикізатты кесілген ағаш санымен есептесек, бір жылдан сәл асатын уақыт аралығында экобокс пайдаланатын кеңсе қызметкерлері 413 ағашты кесілуден сақтап қалды. Осылайша, қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ағаштар сақталып қалуда", – деді.

Аида Бапахова кеңселерге осындай экологиялық мәдениет егізу арқылы экологияны сақтап қалуға болатынына ерекше тоқталды.

"Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, Қазақстан 18 жыл ішінде Ресейден 42 млн доллардан астам қаражатқа қағаз қалдықтарын сатып алған. Біздің қағаз өңдеуші кәсіпорындарымыз шикізатты шетелден сатып алуларына тура келді. Өйткені біз қалдықтарды жинамаймыз. Ресми мәліметтер бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда 160-тан астам қайта өңдеу кәсіпорыны жұмыс істеуп тұр. Олар шикізат жетіспеушілігі себебінен толыққанды жұмыс істей алмауда. Ал шикізат қоқыс полигонына түскеннен кейін қайта өңдеу қиын. Жұмысшылар құмыраны қоқыстан шығарып, жумайды. Қағаз да ластанады. Сондықтан да, бүгінгі күні экомәдениет қалыптастыру аса қажет", – деді Eko Network жетекшісі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу