Қазақстан "сары" аймақта тұр – Алексей Цой

953

Әлемнің 220 елінде коронавирус инфекциясын 95 млн адам жұқтырды. 

Қазақстан "сары" аймақта тұр – Алексей Цой

2 млн-ға жуық азамат көз жұмып, індеттен болған өлімнің әлемдік көрсеткіші 2,1%-ға жетті. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдеуінше, дүниежүзі бойынша тек оңтүстік-шығыс Азия аймағында ғана коронавирус инфекциясының таралу деңгейі бәсеңдеген. 

"Медициналық көмектің қолжетімділігіне, қабылданған карантин шараларына, халықтың сақтық шараларын сақтауына қарай індеттің қарқыны әлемнің әртүрлі елдерінде әрқилы сипатта таралуда. Америка, Тынық мұхитының батыс бөлігінде және Африкада халықтың індет жұқтыру көрсеткіші өсіп жатыр. Еуропада, батысқа қарай Жерорта теңізі аймағында да індеттің беті қайтар емес. Коронавирустың бәсеңдеу жағдайы тек оңтүстік-шығыс Азия аймағында ғана байқалуда", – деді үкімет отырысында Алексей Цой.

Оның сөзінше, коронавирустың таралуы деңгейі бойынша Қазақстан "сары" аймақта тұр. 

"Сары" аймақта Түркия бар. "Қызыл" аймақта Украина, Ресей, Беларусь, Германия, Италия, Франция, БАӘ тұр. Оңтүстік Корея мен Сингапур "жасыл" аймақта", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу