Қазақстан спортшысы Беларуссия ашық кубогінде екі "алтын" алды

675

Татьяна Нерознак 1500, 3000 метр қашықтықтағы екі дистанция бойынша бақ сынады. 

Қазақстан спортшысы Беларуссия ашық кубогінде екі "алтын" алды Фото: olympic.kz

Гомельде (Беларусь) жеңіл атлетикадан ашық ел кубогі өтті. Аталған додада қазақстандық жеңіл атлет Татьяна Нерознак қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы республикалық турнирде екі алтын медаль ұтып алды. Нерознак 1500, 3000 метр қашықтықтағы екі дистанция бойынша бақ сынады.

1500 м қашықтықты ол 4:24.83. уақытта бағындырса, 3000  метрді 9:45.27 көрсеткішімен аяқтады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу