Қазақстан тәжірибесімен бөлісуге дайын – Мұхтар Тілеуберді

664

Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырыстарына және Қарусыздану жөніндегі конференцияға қатысты. 

Қазақстан тәжірибесімен бөлісуге дайын  – Мұхтар Тілеуберді

БҰҰ-ның 75 жылдығы кезеңінде өтіп жатқан адам құқықтары жөніндегі сегментке БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Тиджани Мухаммад-Банде, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет, 55-тен астам елдің басшылары мен министрлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Кеңес отырысында сөз сөйлеген еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын жалғастыра отырып, адам құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарға толық қол жеткізуге ниетті екенін атап өтті. Министр қатысушыларды адам құқықтарын қорғауға қатысты Мемлекет басшысының Жолдауының ережелерін іске асыру туралы хабардар етті, "естуші мемлекеттің" тұжырымдамасына және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуына назар аударды.

Жолдауды іске асыру және БҰҰ ұсынымдарын орындау бойынша практикалық қадам ретінде Қазақстанның өлім жазасын жоюға, митингілер туралы заңнаманы жетілдіруге және әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған Екінші Факультативтік хаттамаға қосылуы туралы шешімдер қабылданды.

М. Тілеуберді "Жусан" және "Русафа" гуманитарлық операциялары нәтижесінде 600-ден астам қазақстандық азамат, көбінесе Сирия мен Ирактағы әйелдер мен балалар отанына оралғаны табысты болғанын атап өтті және Қазақстанның осы салада жинақталған тәжірибемен алмасуға дайындығын екендігін жеткізді.

Алдағы бес жылға арналған басым міндеттер ретінде ол Орталық Азия аймағын қоса алғанда, ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты. Сонымен қатар, министр қатысушыларға өткен жылдың 29 тамызында БҰҰ "Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін" жариялаған уақытта, Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялағанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу