Қазақстан Түркиямен өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті

446

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz. 

Қазақстан Түркиямен өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті Фото: Baraev.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасын әзірледі.

Қазақстан мен Түркия өз мемлекеттерінің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантиндік зиянды организмдердің өз мемлекеттерінің аумағына әкелінуін және таралуын болғызбау үшін өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында ынтымақтасады.

"Осы Келісімнің ережелері фитосанитариялық шаралар тұрғысынан, әсіресе халықаралық тасымалдау жағдайларында зиянкестер үшін жасырыну орны бола алатын немесе олардың таралуын жеңілдете алатын кез келген өсімдікті, өсімдік өнімін, жинау орнын, қаптаманы, тасымалдауды, контейнерді, топырақты және кез келген басқа организмді, объектіні немесе материалды қоса алғанда, карантинге жатқызылған барлық материалға қолданылады", - делінген келісім жобасында.

Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында ынтымақтасу және ақпарат алмасу мақсатында Тараптар:

  1. осы Келісім күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде өсімдіктер карантині мен оларды қорғауға қатысты нормативтік құқықтық актілермен, карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізбесімен және басқа да ережелермен алмасуға;
  2. карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізбесіне енгізілетін барлық өзгерістер туралы бірін-бірі хабардар етіп тұруға;
  3. Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізбесінде аталған карантиндік зиянды организмдер анықталған және таралған жағдайлар туралы, сондай-ақ оларға қарсы күрес және оларды бақылау тәсілдері туралы біріне-бірі хабарлап тұруға;
  4.  ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары арасында өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында ынтымақтасуға және осы негізде алынған қандай да бір нәтижелерді немесе ақпаратты екінші Тараптың алдын ала келісімінсіз үшінші тарапқа бермеуге міндеттенеді.

Бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына (аумағы арқылы) әкелінетін жүктердің әрбір партиясы халықаралық міндеттемелердің және олардың мемлекеттерінің өсімдіктер карантині мен оларды қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

              Екінші Тарап мемлекетінің аумағына әкетілетін жүктер карантиндік тексеріліп қаралуға тиіс және ресми фитосанитариялық сертификаты бірге жүреді.

Құжат 2 мамырға дейін көпшілік талқылауға ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу