Қазақстан жанар-жағармай бағасы нарықтық жолмен реттелетін режимге өтеді

431

Қазақстан жанар-жағармай бағасын нарық реттейтін режимге өтеді. 

Қазақстан жанар-жағармай бағасы нарықтық жолмен  реттелетін режимге өтеді

Үкіметтің мәлімдеуінше, бұл ішкі нарықты тұрақтандырып, жанармайды заңсыз таситындардың жолын кеседі. Әлеуметтік күйзелісті тудырмау үшін нарықтың баға белгілеу бірден емес, біртіндеп енгізілмек.

Бұл шара алдағы уақытта инвестициялық ахуалды жақсартып, мұнай-газ саласын дамытуға ықпал етеді. Жанармай бағасын бақылауда ұстау үшін мемлекет баға тіркейтін электронды жүйе іске қосады. Оны әкімдіктер жергілікті жанармай бекеттерімен бірігіп жасауы тиіс. Ал, тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, нарықтық баға белгілеу жанар-жағармай құнын көтереді. Себебі, мемлекет қазіргідей бағаны тежеп ұстап отырса, ұтылады. Елімізде нарықтық жағдайда  жанар-жағармай қазіргіден әлде қайда жоғары керек. 

"Қазіргі ішкі нарықтағы баға дұрыс емес. Инвесторларды үркітеді. Жаңа жоба, жаңа кен орындары жоқ. Сондықтан ішкі нарықта жанармай үнемі тапшы. Нарықтың баға белгілеу бойынша, дизель отыны 350 теңге, 92 бензині 250-270 теңге,  сұйытылған газ 200 теңге, ал 95 бинзині 300теңгенің төңігегінде болуы тиіс. Бұл бағаларға біз ерте ме кеш пе келеміз.  Көршілерімізде баға жоғары және сол себепті бізден жанармай көлеңкелі жолмен кетіп жатыр", дейді "Байділдинов.Нефть" бағдарламасының жүргізушісі Олжас Байділдинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу