Қазақстанда 12 млн-ға жуық сайлаушы бар

525

ҚР ОСК отырысында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау үшін сайлаушылар тізімін қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп жазады inbusiness.kz.  

Қазақстанда 12 млн-ға жуық сайлаушы бар Фото: election.gov.kz

ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімін жылына екі рет 1 қаңтар мен 1 шілдеде жаңартады.

"2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша біз сайлаушылар тізіміне 11 970 406 сайлаушыны енгіздік, олар тұрақты тұратын учаскелер бойынша алдын ала бөлінген. Сайлаушылардың ең көп саны – Түркістан облысында (1 177 507), ең азы – Ұлытау облысында (138 277)", - деді Константин Петров.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау 19 наурызға тағайындалды. ОСК шешімі бойынша Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау бір күнде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу