Қазақстанда 300-ге жуық педиатр мен неонатолог мамандары жетіспейді - министрлік

768

Қазіргі таңда отандық денсаулық сақтау жүйесінде 2640 педиатр, 773 неонатолог жұмыс істейді.  

Қазақстанда 300-ге жуық педиатр мен неонатолог мамандары жетіспейді - министрлік Фото: bugin.kz

Қазақстанда 300-ге жуық педиатр мен неонатолог мамандары жетіспейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Педиатр дәрігер тапшылығы шамамен 200 маманды құрайды, неонатолог дәрігерлерде – 100 маман. Осы жылы жоғары оқу орнын 198 балалар маманы бітіріп шықты. Оның ішінде педиатрлар, неонатологтар, балалар хирургтары, балалар онкогематологтары бар. Бүгінде 548 резидент білім алып жатыр. Биыл "Балалар хирургиясы", "Неонатология", "Педиатрия", "Онкология және балалар гематологиясы" мамандықтары бойынша резидентураның 292 білім беру грантына мемлекеттік тапсырыс бөлінді", - деп атап өтті вице-министр.

Тілшілер Вячеслав Дудникке "ведомство мамандар тапшылығы мәселесін шешу үшін қандай шаралар атқарып жатыр?" деген сауал қойды.

"Біріншіден, біз жоғары оқу орындарына қабылдауды арттырып,  резидентура бойынша санын көбейтудеміз. Бұдан бөлек дәрігерлердің ынтасын арттыру бойынша жұмыстар да бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын дәрігерлердің жалақысы өсіп жатқаны баршаңызға мәлім. Негізінен ауылдық жерлерде дәрігерлер жетіспейді. Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджеттен көтерме жәрдемақы үшін қаражат бөледі. Ол қаржы өңірлерде 1 млн-нан басталып, кейбір солтүстік өңірлерде 5 млн теңгеге дейін жетеді. Сондықтан алдағы жылдары дәрігерлермен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табады деп ойлаймын", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу