Қазақстанда 68 миллионнан аса дәрілік зат таңбаланған

Елде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы құралдарға сараптама жасайтын 3 зертхана жұмыс істеп жатыр. 

Қазақстанда 68 миллионнан аса дәрілік зат таңбаланған Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Биыл нарыққа 145 дәрілік затты өткізуге рұқсат берілмеген. Бұл – дәрілік таңбалаудың жемісі.

– Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 6 891 дәрілік зат пен 13 мыңнан астам медициналық құралдар мен жабдықтар тіркелген. Елімізде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы құралдарға зертханалық сараптама жасау бойынша 3 зертхана жұмыс істеп жатыр. Бұл зертханалар дәрінің сапасына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне сараптама жүргізеді. Сараптама қорытындасында дәрі-дәрмектің қойылған талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты жыл басынан бері нарыққа 145 дәрілік зат немесе берілген өтінімдердің 2,6%-ы енгізілмеді, – деді А.Әлназарова.

Елімізде 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау енгізілген болатын. Бұл дәрі-дәрмектің заңсыз айналымын анықтайды, қолданысқа оңай өтуіне тосқауыл болады.

Министрдің айтуынша, қазір 68 миллионнан (39,3 млн – шетелдік, 29,3 млн – отандық) астам дәрілік зат қаптамасы таңбаланған, оның 28,5 миллионы айналымға енгізіліп отыр.

Бұл жұмысқа отандық дәрі-дәрмек өндірушілер, тасымалдаушылар, жеке айналымдағы дәріханалар мен 1 784 медициналық ұйым қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу