Елімізде АИТВ-мен ауыратын пациенттерді антиретровирустық терапиямен қамту 19 есе артты

482

Мамырдың үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен дәстүрлі түрде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні өткізіледі. 

Елімізде АИТВ-мен ауыратын пациенттерді антиретровирустық терапиямен қамту 19 есе артты Фото: Түркістан газеті

Биылғы жылы 1983 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында басталған және әлемнің 75-тен астам елін қамтитын дәстүр 40-шы рет жүзеге асырылуда.

Қазақстан ДДҰ мен ЮНЭЙДС хаттамалары мен ұсынымдарын орындай отырып, АИТВ-мен күреске белсенді қатысады. Сондай-ақ, ел АИТВ-ға байланысты стигма мен кемсітушілікті жою бойынша Жаһандық әріптестікке қосылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын 31 мыңнан астам адам тұрады, бұл ретте берілудің негізгі жолы 74% жағдайда жыныстық қатынас болып табылады. Соңғы жылдары ЖИТС-тан өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 2018 жылғы 1,4-тен 2022 жылы 0,9-ға дейін төмендеді. Соңғы 12 жылда антиретровирустық терапиямен қамту 19 есе өсті және 2022 жылы АИТВ-статусын білетін адамдардың 84%-ы емделді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 87%-ында вирустық жүктеме басылады, яғни олар вирусты бере алмайды.

Қазақстан сондай-ақ экспресс-тестілеуді және өзін-өзі тестілеуді ұсынады, халықтың негізгі топтарына шприцтер мен презервативтерді таратады және оларды медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуге жібереді. Елде бүкіл әлемде тиімді және қауіпсіз деп танылған АИТВ-ның байланыстан кейінгі және байланысқа дейінгі профилактикасы бар. АИТВ-ның анадан балаға берілуі профилактикасына ерекше назар аударылады, бұл берілу жағдайларының 2,6%-ын құрайды. Халық үшін АИТВ-дан қорғау бойынша ақпараттық-білім беру жұмыстары жүргізілуде.

Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні қарсаңында Қазақстанның барлық өңірлерінде акциялар, квилттер көрмелері, флешмобтар, ашық есік күндері және т.б. өткізіледі, онда мамандар АИТВ-ның профилактикасы, АИТВ-ға тестілеу мәселелері бойынша халыққа консультация береді, сондай-ақ ақпараттық-білім беру материалдарын таратады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу