Жалақының өсуі қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдарға (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) қатысты болды, деп жазады inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға, ал 2022 жылы – 25%-ға өсті.
Сондай-ақ, 2021 жылы лауазымдық жалақының 30%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша өсуі арқылы әкімшілік және көмекші персонал, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін жалақыны арттыру жүзеге асқан болатын.