Ең төменгі орташа айлық Солтүстік Қазақстан облысында төленеді, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Ең төменгі орташа айлық Солтүстік Қазақстан облысында (232,8 мың тг) төленеді. Одан кейінгі орындарға Жетісу облысы (241,4 мың тг) және Шымкент қаласы (248,5 мың тг) тұрақтады.
Қазақстан бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында тіркеліп, 506,3 мың теңгені құрап отыр. Көшбасшылар қатарында Маңғыстау облысы (458,7 мың тг) мен Нұр-Сұлтан қаласы (393,5 мың тг) бар.
2022 жылдың екінші тоқсанындағы мәлімет бойынша елдегі орташа айлық жалақы 312 мың теңгені құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде орташа айлық жалақы 251,5 мың теңге болған.
Елдегі ең жоғарғы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібінде (592,3 мың тг) тіркелді. Үштік қатарына қаржы және сақтандыру қызметі (588,2 мың тг), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет салалары (421,6 мың тг) кіреді.
Бұл ретте ең төменгі атаулы жалақы сумен жабдықтау және қалдықтарды жою, агороэнеркәсіптік кешен, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында тіркелді.
Numbeo деректеріне сәйкес, орташа айлық жалақы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 105 елдің ішінде 78-орында тұр. Еліміздегі салықты алып тастағандағы таза жалақы мөлшері 409,3 АҚШ долларын құраған.
ТМД елдерінің ішінде ең көп жалақы Ресей, Беларусь және Арменияда тіркелді. Молдова, Украина, Әзірбайжан және Өзбекстандағы көрсеткіштер елімізбен салыстырғанда төмен. Finprom.kz-те көрсетілгендей, бірқатар себепке байланысты Украина ТМД-да даулы мәртебеге ие.
Әлемдегі ең көп жалақы Швейцарияда, Сингапурде және Австралияда тіркесе, Шри-Ланкада ең аз жалақы төленеді.