Қазақстанда "қауіп" күшейді

4027

Бұл көрсеткіште мемлекет неғұрлым алға шықса, соғұрлым әлсірегенін көреміз.

Қазақстанда "қауіп" күшейді

Қазақстан қауіпті деңгейге көшуі мүмкін елдердің шоғырына қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom сайтына сілтеп.

Мемлекеттердің осалдығы рейтингінде Қазақстан 2021 жылы 179-дан 116-шы орынға ауысты. Елдің осалдық индексі – 61,2, бұл – тұратын адамдарға қауіп орташа деңгейде деген сөз.

Мемлекеттердің осалдық индексі белсенді қақтығыстарға дейін, белсенді қақтығыстар кезінде және одан кейінгі жағдайларға қарай елдің позициясын өлшейді. Индекс төрт бағытты болады: біртұтастық, экономика, саяси жағдай және әлеуметтік сала. Бұлар қақтығыс қаупінің 12 индикаторын қамтиды: қауіпсіздік аппараты, элиталардың фракциялануы, топтық наразылық, экономикалық құлдырау, әркелкі экономикалық даму, адамдардың қашуы немесе ақыл-ой иелерінің сыртқа ағылуы, мемлекеттің заңдылығы, қоғамдық қызметтер, адам құқықтары мен заңның үстемдігі, демографиялық қысым, босқындар, сыртқы қатынас. Индекс мәні неғұрлым жоғары болса, ел соғұрлым осал және әлсіз дегенді білдіреді.

Қазақстан мемлекеттің заңдылығы (легитимділігі) (8,2 балл), топтық наразылық (8 балл) және элиталардың фракциялануы (7,6 балл) сияқты көрсеткіштер бойынша неғұрлым жоғары (яғни нашар) баға алып отыр. Түсіндірейік, элиталардың фракциялануы деген – мемлекеттік институттардың этникалық, таптық, кландық, нәсілдік немесе діни белгілері бойынша бөлінуі мен бытыраңқы болуы. 

Йемен, Сомали және Сирия – ең осал мемлекеттердің рейтингін бастап тұр. ТМД елдерінің арасында Қазақстан басқаларға қарағанда сәл ілгері. Қырғызстан – 68, Әзірбайжан мен Тәжікстан – 71, Ресей – 74, Өзбекстан – 80, Армения мен Украина – 91, Түрікменстан – 97, Беларусь – 98, Молдова 103-орында.

Финляндия, Норвегия және Исландия әлемдегі ең тұрақты елдер деп аталды. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте мемлекеттік басқару, қорғаныс және ҚР-да міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі капиталға құйылған инвестициялар – 33,6 млрд теңге. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 35,1%-ға аз (нақты көлемнің төмендеуі – 37,4%).

Өңірлер бойынша, инвестициялардың ең көп көлемі Нұр-Сұлтанға тиесілі болды: 7,3 млрд теңге – құндық мәнде бір жыл бұрынғыға қарағанда 42,3%-ға артық. Жетекші өңірлердің үштігіне Атырау (6,2 млрд тг, оған қоса жылына 62,3%) және Түркістан (4,4 млрд тг, минус 81,8%) облыстары кірді. Инвестициялардың ең аз көлемі Қызылорда облысына тиесілі: барлығы 113,5 млн тг, жыл ішінде минус 81,7%.

Салымдардың басым бөлігі жергілікті бюджеттер есебінен қамтамасыз етілді: 23,5 млрд тг – бір жыл бұрынғыға қарағанда 35,4%-ға аз. Тағы 8,6 млрд теңгені республикалық бюджет қамтамасыз етті, қалған 1,5 млрд теңге – кәсіпорындардың өз қаражаты.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу