Қазақстанда құжаттарды бір тілден екінші тілге аудару бойынша нормалар белгіленеді

220

Еңбек Министрлігі нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік органдардың басқа да құжаттарын орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару бойынша жұмыстарға уақыттың үлгілік нормаларын әзірледі. 

Қазақстанда құжаттарды бір тілден екінші тілге аудару бойынша нормалар белгіленеді Фото: Tərcüman Tərcümə Mərkəzi

Осы нормаларда мынадай жұмыс түрлері қамтылды:

аудармашылардың орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне толық жазбаша аударуы;

орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне толық жазбаша аударманы (өзінің аударма мәтінін) редакциялау;

орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне толық жазбаша аударманы (өзге адамның аударма мәтінін) редакциялау.

Нормативтік құқықтық кесімдер мен әртүрлі құжаттарды жазбаша аудару жөніндегі жұмыстарды нормалау жұмыс бабындағы аударманы ескере отырып жүзеге асырылады. Жұмыс бабындағы аударма түпнұсқаның мазмұнын дұрыс беретін толыққанды, стилистикалық жағынан сауатты аударманы қамтиды.

Жазбаша аудармаға арналған уақыт нормасы компьютерде басылған мәтін беттерінде орындалған аударма көлеміне қарай белгіленеді. Мәтіннің компьютерде басылған бір парағы (баспа парағы) 2000 баспа белгіге тең болады деп қабылданды. Баспа парақ деп басылым көлемінің стандарт форматты қағаз парақтың бір бетінің ауданына тең өлшем бірлігі түсініледі. Бір баспа белгісі (басу) деп (әріп, сан және т.б.) клавиштерін біркелкі басу жолымен жасалатын белгі немесе көлемі бір белгі орналасатын ауданға сәйкес келетін аралық түсініледі.

Өнімділік нормасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы сақталып жұмыс күні ішінде аударылатын мәтіннің нақты көлемімен белгіленеді. Аударма кезінде өнімділік нормасының өлшем бірлігі стандарттық форматты баспа парақ болып табылады. Мемлекеттік органдарда аударылған мәтінді компьютерді пайдалана отырып басу Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мына өлшемдерді: жолдардың арасында біржарым интервалды, Microsoft Word үшін "Times New Roman" және "Times/Kazakh" үлгідегі № 14 шрифтіні сақтай отырып А-4 форматты стандарттық парақпен жүзеге асырылады.

Жинақта жазбаша аударма үшін түпнұсқа күрделілігінің үш тобы көзделген:

  • I топ. Лексикалық, стилистикалық құрамы мен мағыналық мазмұны аудару кезінде қиындақ келтірмейтін жалпы және арнайы мәселелер жөніндегі мәтіндер.
  • II топ. Стилистикалық құрамы мен мағыналық мазмұны қолда бар сөздік-анықтамалық әдебиетті пайдалануды көздейтін шағын салалық сипаттағы арнаулы мәселелер жөніндегі, сондай-ақ көп салалық тақырып жөніндегі мәтіндер.
  • III топ. Білімінің жаңа салаларынан алынатын, стилистикалық құрамы мен мағыналық мазмұны қолда бар сөздік-анықтамалық әдебиетпен қатар ерекше терминдердің мағынасын ашатын қосымша м атериалдар іріктеуді және мамандармен кеңесуді көздейтін мәтіндер.

Жұмыстың мазмұны, өлшем бірліктері, еңбек шығындарына әсер етуші факторлардың атауы мен сандық мағыналары, сондай-ақ жұмыстың әрбір түрі бойынша уақыт нормалары жинақтың нормативтік бөлімінің тиісті тарауларында келтіріледі.

Нормада даярлық-қорытынды жұмыстарға, жұмыс орынын ұстауға, дене тәрбиесі үзілістерін қоса алғанда, демалуға және оперативті уақыттың 10 % мөлшерінде жеке қажетіне арналған уақыт ескерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу