Қазақстанда MVNO нарығы қалай дамып жатыр?

1026

Ұялы байланыс қызметі қол жетімділігі мен көптеген мүмкіндігінің арқасында жылдан жылға телекоммуникация нарығын өзіне бағындыруда, әрі мобильді интернет қызметіне де сұраныс артып келеді.  

Қазақстанда MVNO нарығы қалай дамып жатыр?

Бұл жағдай басқа салалардағы компанияларды телекоммуникация нарығында жұмыс істеуге ықпал етіп отыр. Нәтижесінде, нарықта виртуалды байланыс операторлары пайда болуда. Бүгінде елде банктер негізін қалаған 2 MVNO жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Виртуалды байланыс операторы (mobile virtual network operator, MVNO) – өзінің телеком-желісі жоқ компания. Ол ұялы байланыстың серіктес операторынан инфрақұрылымды жалға алады және өз брендімен жұмыс істейді. 

Ұялы байланыс операторларымен серіктестікте банктер, ритейл, көлік компаниялары және тағы басқалары MVNO құрады. Бүгінде әлемде шамамен 1 200 MVNO бар.

2020 жылы MVNO нарығы 61,9 млрд доллар болды. 2026 жылға қарай ол 91,63 млрд долларға жетеді деп болжанып отыр. 2021-2026 жылдары орташа жылдық өсім 6,75% деңгейінде болмақ.

2000 жылдары банк саласында виртуалды операторлар қызметі дами бастады. 2007 жылы италиялық BancoPosta банкі елдегі MVNO нарығының 50%-на ие болды. Сондай-ақ 2014 жылы Equity Bank Kenya осыған ұқсас қызметті іске қосты. 6 айда банк 600 мың абонентке қызмет көрсете бастады.

Сонымен қатар Ресейде де виртуалды операторлар қызметі дамуда. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ресейдегі MVNO абоненттерінің жалпы саны 12 миллионға жетті, бір жылдағы өсім – 15,4%. Ұялы байланыс нарығындағы виртуалды операторлардың үлесі шамамен 5%. MVNO сегментіндегі негізгі өсім банк жобалары есебінен қамтамасыз етілді, олардың MVNO нарығындағы үлесі бір жылда 15%-дан 20%-ға өсті.

Қазақстанда MVNO енді ғана дами бастады. Елдегі 22 банктің екеуі SIM-карталарды өз брендімен сата бастады. Алғашқы болып жаңа мобильді қызметті ForteBank іске қосты. 2020 жылғы 26 мамырда ForteMobile ұялы байланысы жұмыс істей бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу