"2020 жылы бюджеттің салықтық түсімдері 17,4%-ға төмендеді. 2021 жылғы 1 қаңтарға бюджетке жалпы берешек 378 млрд теңгені құрады. ҚҚС бойынша жалпы дебиттік сальдо 1,6 трлн теңгеден асты. Жоғарыда аталған осы проблемалардың барлығы "Салықтық әкімшілендіру жүйесін реформалау" бағдарламасы шеңберінде шешілуге тиіс еді. Осы бағдарламаны іске асыруға 11 жыл ішінде, миллиардтаған теңге жұмсалды. Сонда нәтиже қандай?", – деп сұрады Үкімет мүшелерінен депутат.
Оның айтуынша, Мемлекеттік кіріс комитетінің 16 ақпараттық жүйесінен 12 жүйесі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Оның ішінде 9-ы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілмеген.
"Осының салдарынан салықтық және кедендік жұмысты жақсартудан, тек 2020 жылдың өзінде ғана түсетін 1,5 трлн теңге мөлшеріндегі қосымша түсімдер түскен жоқ. Нақты сома 221 млрд теңгені құрады. Салықтық әкімшілендірудің әлсіз болуы, бюджетке Ұлттық қордан қосымша каржы тартуына алып келді. 2020 жылы республикалық бюджет кірістерінің 45%-ы Ұлттық қордан трансферттер түсімдері. Сомасы 4,8 трлн теңгені құрады. Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш", – дейді ол.
Аян Бекенұлы