Онда ҚР ҚМ Мемлекетік кірістер комитеті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызметтерді көрсету департаментінің директоры Қазақпаева Бақытгүл 2020 жылдың 1 қазаннан бастап фильтрі бар сигареттер, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап темекі өнімдерінің басқа да түрлері міндетті түрде таңбалануы керектігін еске салды.
"Темекі өнімдерін таңбалау темекі нарығындағы көлеңкелі айналымды азайту және сертификатталмаған, сапасыз өнімді айналымнан шығару үшін жасалып отыр. Бірақ жүйе жұмыс істеуі үшін барлық сауда желісі, гипермаркеттер, үй астындағы шағын дүкендер электронды қолтаңба көмегімен тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркелуі керек. Сондай-ақ кассаның бағдарламалық жасақтамасын жаңартып, арнайы кодтарды оқуға мүмкіндік беретін 2D сканерін сатып алуы керек", – деді брифингте ҚР ҚМ Мемлекетік кірістер комитеті департаментінің директоры Бақытгүл Қазақпаева.
Ресми мәліметтерге сәйкес, сауда нүктелерінің 65% -ы 2D сканерін орнатып, таңбалау жүйесінде тіркелген. Мамандардың айтуынша, таңбаланбаған темекі қораптарын сатуға 2021 жылдың 1 қазанына дейін ғана рұқсат етіледі.
Қымбат Нұрғали