Қазақстанда жиһаз бен тұрмыстық заттар бір жылда 20%-ға қымбаттады

481

Бағаның ең жоғары жылдық өсімі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында тіркелді.

Қазақстанда жиһаз бен тұрмыстық заттар бір жылда 20%-ға қымбаттады Фото: Вечерний Алматы

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр елде сауалнамаға қатысқан үй шаруашылықтарының 90,2%-ы жұмсақ жиһазға иелік етті. Тағы  80,6%-ында жатын бөлме жиһазы, 94,4%-ында ас үй жиһазы, 97%-ында кілемдер болса, 3,4%-ында өнер туындылары, 36,7%-ында басқа да жиһаз бар, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда жұмсақ жиһаз, ас үй жиһазы, өнер заттарымен жақсы қамтамасыз етілген. Өз кезегінде ауыл тұрғындарының жатын бөлме жиһазы, кілемдермен қамтамасыз ету деңгейі жоғары.

Өңірлік бөліністе жұмсақ жиһазбен қамту көрсеткіші Алматыда жоғары (99,4%), ең төмен көрсеткіш – Маңғыстау облысында (53,6%).

Жатын бөлме жиһазымен қамтамасыз ету бойынша бірінші орында Алматы облысы (98,6%) тұр, ең төменгі деңгей Маңғыстау облысында тіркелді (43,2%).

Ас үй гарнитурасымен Алматы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының үй шаруашылықтары 100 пайызға қамтылған. Бұл көрсеткіш Түркістан облысында төмен (86,8%).

Осы жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша отандық өндірушілер ас үй жиһазына деген сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) 64,8%-ға қамтамасыз етті. Импорт – 35,2%. Бұл ретте сәйкес кезеңде өндіріс бір жылда 28,4%-ға қысқарды. Отандық өндіріс үлесі жиһаз импорты өндіріске қарағанда айтарлықтай азайғандықтан ғана өскен.

Ішкі нарықта 43,3 мың бірлік ас үй жиһазы сатылды. Бұл былтырғыға қарағанда 49,6%-ға аз. Секторда экспорт іс жүзінде жоқ: 4 ай ішінде сыртқы нарыққа 36 бірлік өнім жөнелтілді.

Биылғы маусым айының қорытындысы бойынша жиһаз бен тұрмыстық заттардың бағасы бір айда 2,6%-ға, бір жылда 20,3%-ға артты.

Республика бойынша бағаның ең жоғары жылдық өсімі Шығыс Қазақстан (41,8%), Қарағанды (33,1%) және Қостанай (31,5%) облыстарында тіркелді.

Бұл ретте бағаның ең төмен жылдық өсімі Маңғыстау (4,3%), Павлодар (7,7%) және Ұлытау (10,6%) облыстарында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу