Қазақстанда жыл басынан бері 4 мың интернет-алаяқтық тіркелді

646

Алаяқтардың әрекеті нәтижесінде азаматтарға 3 млрд.теңгеден астам шығын келтірілген. 

Қазақстанда жыл басынан бері 4 мың интернет-алаяқтық тіркелді Фото: Ақмешіт жастары

Интернет-алаяқтық жасаудың ең көп тараған тәсілі – онлайн сауда. Ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнамаларды орналастыру. Алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағаларын көрсетіп, алдын ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды. Биыл осындай 2 мыңнан аса қылмыс тіркелді, - дейді Жандос Сүйінбай.

Сондай-ақ, Жандос Сүйінбай интернет-алаяқтарға алданып қалмас үшін қауіпсіздік шараларын да ұстану керек екенін жеткізді.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін сізге қауіпсіздік шараларды ұстану қажет. Біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісіңіз. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз, оның ішінде бейне қоңырау арқылы. Егер сатушы басқа қалада болса, таныстарынан немесе туыстарынан тауарды алуды және жіберуді сұраңыз, - дейді Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.

Одан бөлек, елімізде соңғы бірнеше айда әртүрлі инвестициялар мен инвестицияларды тарту арқылы жасалған алаяқтықтардың саны артқан. Мұндай алаяқтыққа 500-ден аса азамат құрбан болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу