"Технодом" ұлттық сауда желісі қазақстандықтарды электртұрмыстық қоқыстарды дұрыс кәдеге жарату үшін ынталандыруды шешті. Ол үшін компания "ЭКО-Кәдеге жарату" атты арнайы акциясын жүргізеді.
Осы акцияның шарттары бойынша барлық ниет білдірген азаматтарға батареяларды, сымдарды, кабельдерді, қашықтықтан басқару пульттерді және басқа да портативті электрониканы жай ғана дұрыс кәдеге жарату үшін тапсыру емес, сондай-ақ теледидарлар мен аудио өнімдер, үй кинотеатрлары, музыкалық орталықтар және саундбарлар сияқты өнімдерге арнайы жеңілдік алуға мүмкіндік беріледі. Жеңілдік 10%-дан 30%-ға дейін беріледі. Бұл акция 2017 жылдың 20-шы шілдесінен 13-ші тамызына дейін жалғасады.
Енді қазақстандықтардың электртұрмыстық қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату бірегей мүмкіндігі ғана емес, оған қоса жағымды бонус түрінде берілетін техникаға жеңілдіктер алуға мүмкіндік беріледі.
Еске сала кетейік, "Технодом" компаниясы 2016 жылы бүкіл Қазақстан бойынша "электроқоқысты" жинауға арналған эко-бокстарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізді. Бұл бастама кешенді мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылды.
Бүкіл республика бойынша елдің бас ритейлерінің дүкендерінде пайдаланылған батареялар, сым және кабельдер, сондай-ақ ұялы телефондар мен басқа да портативті электроника жинауға арналған арнайы бокстар орнатылған.
Барлық жиналған "қоқыс" электртұрмыстық қалдықтарды қауіпсіз қайта өңдеуде мамандандырылған "Промтехноресурс" компаниясымен алынады және зауытқа одан әрі жойылуға жіберіледі.
Ескере кету керек, осы жобаның ең басты мақсаттарының бірі – ол қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады.
Өйткені, белгілі болғандай, электронды қалдықтардың құрамында қауіпті заттар бар, ондай қоқыстан қарапайым жолмен құтылуға болмайды. Мысалы, барлық тұрмыстық қалдықтардың ішінде батареялардың үлесіне 50%-дан астам уландырғыш шығарындылары келеді. Бір лақтырып тасталынған батарея жердің 20 ш. м. ауыр металдармен ластайды.