Қазақстандық импорттағы Ресейдің үлесі рекордтық дәрежеге жетті

944

Қазақстандық импорттағы Ресейдің үлесі рекордтық дәрежеге жетті

2016 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның сауда теңгерімі 8,5 млрд доллар болған, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішінен екі есе (4,12 млрд долларға) көп.

Алайда осы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы соңғы жылдар ішінде алғаш рет бұрынғы тоқсан көрсеткішінен төмен болды, бұған импорттың озық динамикасы себеп болып отыр.

Ел бойынша 70%-дық өсуді, яғни  32% немесе 1,48 млрд теңгені Ресейден жеткізілген тауарлар қамтамасыз етті. Осының нәтижесінде қазақстандық импорттағы Ресейдің үлесі рекордтық дәреже 41,5%-ға жетті, бұл бір жыл бұрынғы 36,8%-дан жоғары.

Тамыз айының ортасында теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 6,3%-ға әлсіреп, 5,55-дан 5,9-ға дейін түскен. Теңгенің рубльге қатысты төмендеген бағамы Қазақстаннан шикізаттық емес экспорттың динамикасына әсер етеді деп Ұлттық банктің осы жылдың 30 наурызында жарияланған "Бағамды түзету жағдайындағы Қазақстан экспорты" атты зерттеуінде  көрсетілген.

Ресейлік импорттың үлесі артып тұрғанда теңгенің рубльге қатысты бағамын қолдан төмендету "импорттың инфляциясына" әкеп соғады.

Реттеуші бұл процеске қатысудан бірнеше рет бас тартқан болатын. Тамыз айының қорытындысы бойынша валюталық интервенция 70 млн доллар болды, бұл реттеушінің валюта нарығына қатысуын толық дәрежеде көрсетпей нетто-негізде жарияланған.

Қазақстанға келетін ресейлік импорттың негізін мұнай, мұнай өнімдері, автокөлік, көлік дөңгелектері, құбырлық  және кабельдік өнім, косметика және гигиеналық құралдар сияқты тауарлар құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу