"Қазпошта" АҚ Black Friday және Cyber Monday америкалық жаппай сатылымдары кезеңіндегі сатып алынған тауарлардың жеңілдікпен жеткізілуін хабарлайды.
"Өткен жылы, Black Friday мен Cyber Monday-ден кейін Қазақстанға АҚШ-тан 2000 шамасында сәлемдемелер жеткізілді. Егер қазақстандықтар сол тауарларды Vpost.kz қызметі арқылы жіберсе, біздің тарифтер мен 30% жеңілдікті есептегенде, олар 25 миллион теңге шамасында үнемдей алатын еді" – дейді "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов.
Vpost.kz сайтында тіркелгеннен соң қазақстандықтар АҚШ-тағы пошталық мекенжайға ие болады. Ол мекенжай арқылы тауарлар АҚШ-тың Орегон отатындағы Портленд қаласында орналасқан қоймадан жіберіледі. Бұл штат салықтан босатылған. Яғни клиенттер 10%-ға дейін ақшасын үнемдеуімен қатар, америкалық интернет-дүкендердің Black Friday және Cyber Monday жаппай сатылымдарының жеңілдіктеріне ие бола алады.
30% жеңілдікті алу үшін, клиенттер тапсырыс берер кезде Vpost.kz сайтында BLACKFRIDAY2016 промо-кодын теруі керек. Промо-кодпен 25 қараша мен 16 желтоқсан арасында қолдануға болады.
Бүгінгі таңда, Vpost.kz қызметі арқылы АҚШ-тан 900-ден астам сәлемдемелер жеткізілді.
Black Friday мен Cyber Monday кезінде көптеген американдық дүкендер тауарларды 90%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатады. Биылғы жылы Black Friday 25-қарашада өтіп, келесі дүйсенбі күні Cyber Monday басталады.