Қазақстандықтар шетелде банк картасын жиі пайдалана бастаған

1285

Елде төлем карталарын пайдалану көрсеткіші жылдан жылға артып келеді.

Қазақстандықтар шетелде банк картасын жиі пайдалана бастаған

Шетелде қазақстандық карталар бойынша жасалатын төлемдер көлемі бір жылда 66%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

5 жылда қолданыстағы карточкалар саны 3,5 есе өскен. 2022 жылғы 1 қаңтарда олардың саны 58 млн-ға жетті, яғни әрбір қазақстандықта 3 банк картасы, ал әрбір экономикалық белсенді тұрғында 6 банк картасы бар. 20217 жылы бұл көрсеткіш 1-2,2 банк картасы еді.

Қазақстандағы барлық карточканың 32,8%-ы жергілікті төлем жүйелеріне, ал 67,2%-ы халықаралық төлем жүйелеріне тиесілі.

Халықаралық төлем жүйелері карталарының негізгі артықшылығы әмбебаптылығы болып саналады. Оның көмегімен елден тыс жерлерде және халықаралық маркетплейстер арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге болады. 

Сонымен қатар қазақстандықтар арасында AliExpress, Amazon, OZON.ru, Wildberries және басқа да маркетплейстердің танымалдылығы артуда. Онда сіз тауарды сатып алу үшін халықаралық төлем жүйелерінің карталарын пайдалана аласыз. 

2021 жылы Қазақстаннан тыс жерлердегі қазақстандық банктердің карталары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі бірден 66,3% немесе 967 млрд теңгеге дейін өсті. Транзакциялар саны 61,5 млн-нан 90,5 млн-ға дейін артты. Биыл да бұл көрсеткіш өскен. Бұдан басқа Қазақстаннан тыс жерлерде қолма-қол ақша алу көлемі де айтарлықтай артқан (бір жылда плюс 27,7% немесе 206,6 млрд теңге). 

Сондай-ақ карточкалық операциялар қызметінің жеңіл, қауіпсіз болуына байланысты қазақстандықтар Mastercard, Visa, UnionPay, American Express және тағы басқа халықаралық төлем жүйелерін пайдаланып үйреніп қалған.

Бүгінде қазақстандықтар шетелде қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін қаржылық инфрақұрылым ұсынатын барлық тәсілді сенімді пайдаланады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер 487,8 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 50,4%-на тең болды. Онлайн-тәсілдердің үлесі – 48,9%, 472,9 млрд теңге, яғни интернет және ұялы телефон арқылы төлеу.

Осылайша, банк карталары әмиянның орнын алмастырған. Нәтижесінде қазақстандықтар ел аумағында да, республикадан тыс жерлерде төлем карталарын жиі пайдалана бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу