Қазақстандықтардың қарызы 8,6 трлн теңгеге жетті

938

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанда жеке тұлғалардың кредиті 8,6 трлн теңгеге жетті (шамамен 20 млрд доллар). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандықтардың қарызы 8,6 трлн теңгеге жетті

Халықтың тұтынушылық кредиті шамамен 5 трлн теңге (немесе 11,7 млрд доллар) болды, бір жылда плюс 19,4%. 

Жеке тұлғалар қарызының орташа көлемі (кредиттің барлық түрлерін қоса алғанда, оның ішінде ипотекалық қарыз да бар) жұмыспен қамтылған бір адамға 2,28 мың доллар. Жұмыспен қамтылған қазақстандыққа тікелей тұтынушылық қарыздың көлемі 1,32 мың доллар.

Қазақстан осы көрсеткіш бойынша басқа елдерден айтарлықтай артта қалып отыр. Trading Economics сарапшыларының дерегінше, әлемнің 45 ірі экономикасының ішінде Қазақстан жұмыспен қамтылған бір азаматқа қарыз беру көлемі бойынша 41-орында тұр. 

Аталған рейтингте көптеген елдің тек тұтынушылық кредиті ғана ескерілді. Мысалы, Қазақстан мен Ресейді қоса алғанда, халықтың барлық қарызының, оның ішінде ипотекалық және өзге де бөлшек сауда кредитінің жалпы көлемі есепке алынған.

Елімізде жұмыспен қамтылған тұрғынға кредит беру көлемі Швейцария (202,3 мың доллар), Австралия (170,3 мың доллар), Норвегия (160,2 мың доллар), Франция (65,9 мың доллар) сынды қуатты кредит нарығы бар дамыған елдерге қарағанда айтарлықтай төмен. 

Сонымен қатар Қазақстан Қытай (10,1 мың доллар), Ресей,  (4,1 мың доллар), және Армениядан (2,3 мың доллар) да едәуір артта қалып отыр. 

Сондай-ақ жұмыс істейтін адамға берілетін кредит көлемінен гөрі қарызды төлеу мүмкіндігі де маңызды болып саналады. Бұл ең алдымен ел тұрғындарының орташа жалақысымен (ОЖ) кредиттің арақатынасына байланысты. 

Жоғарыдағы көрсеткіш бойынша Қазақстан экономикасы әлемнің көптеген мемлекетімен салыстырғанда төмен. Жеке тұлғалардың кредитінің барлық түрін ескерсек, еліміз 29-орында тұр. Бұл жағдайда жұмыспен қамтылған тұрғын үшін бөлшек кредиттің орташа мөлшері 4 орташа жалақымен жабылады. Егер тек тұтынушылық қарыз алатын болса, онда жұмыспен қамтылған адамға орташа чек 2,3 ОЖ-ға тең.

Мысалы, Ресейде аталған көрсеткіш – 5,4 ОЖ, Арменияда – 5,8 ОЖ, Қытайда – 8,1 ОЖ, ал ең жоғары көрсеткіштер Австралия (41,3 ОЖ), Швейцария (29,1 ОЖ), Норвегия (28,2 ОЖ) және Португалияға (21,4 ОЖ) тиесілі.

Айта кетейік, дамушы елдер үшін бөлшек кредит беру экономиканың өсуіне, тұтастай алғанда қаржы секторының және банк нарығының кеңеюіне ықпал етеді. Бұл елде азаматтардың төлем қабілетінің артуына, ал кредит портфельдердің сапасы сақталса, табиғи және қолайлы құбылыс болып саналады. Қазақстандағы жағдай осыған ұқсас.

2021 жылғы бірінші тоқсанда елімізде төлем қабілеті бір жылда 10,4% өсті, ал ақшалай мәнде орташа жалақы бір жылда 18,6% артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу