Қазақстанға Германияның бас энергетигі келеді

901

ҚР Сыртқы істер министрі Германияға барды.

Қазақстанға Германияның бас энергетигі келеді

Берлинге жұмыс сапарымен барған Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германия Федералдық Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен кездесті. 

"Хайко Маас Қазақстан Президентінің бейбіт жиындар еркіндігі, саяси партиялард қалыптастыру және т.б. салаларда жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалады. Сонымен қатар, Мұхтар Тілеуберді Германияның ірі компания басшыларымен кездесіп, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, көлік-логистикалық бизнесті дамыту, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері мен нақты жобаларды талқыладын. Министр Германияның Экономика және энергетика федералдық министрі Петер Альтмайермен де кездесті. Ол биыл маусым айында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының ХІІ министрлік конференциясына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына сапар жасауға дайындығын растады", – делінген СІМ-нің баспасөз мәліметінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу