Қазақстаннан тұрмыстық техника және компьютердің реэкспорты артты

Бірақ онда еуропалық және америкалық тауарлардың үлесі аз.

Қазақстаннан тұрмыстық техника және компьютердің реэкспорты артты Фото: Аргументы и факты

Бұл санаттағы тауарлардың басым бөлігі Қытайдан және Азияның басқа елдерінен әкелінеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

АҚШ билігі Қазақстанға санкцияланған тауарларды Ресейге реэкспорттағаны үшін қазақстандық банктерге немесе компанияларға салынуы мүмкін қайталама санкция тәуекелдері туралы тағы да ескертті. 

Өткен аптада осы мақсатта Астанаға АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг келді. Сондай-ақ елордаға Еуропалық Одақтың санкциялары бойынша арнайы өкілі Дэвид О'Салливан сапарлап, Еуропада күдік тудырған Қазақстаннан Ресейге тауар жеткізу көлемін анықтау жұмыстары туралы айтты. Бұл жағдайда әңгіме тек еуропалық өнімдер туралы болды.

Energyprom.kz редакциясы Қазақстанға әкелініп, кейін басқа елдерге сатылатын қосылған құны жоғары өнімдердің тізімін талдап көрді. 2022 жылы есептеуіш және тұрмыстық техниканың 11 өнімінің 8-нің импорты өсті. Кейбірінің импорты айтарлықтай өсті — мысалы, желдеткіш пен сорғыш, сондай-ақ өнеркәсіптік кір жуғыш машина — үш есе дерлік, теледидар қабылдағышы — 44,5% ұлғайды. Тауарлардың көпшілігінің импорт көлемі 12%–15% өсті.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында бұл өсім жалғасып, тіпті күшейе түсті. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстан осы кезеңде теледидар қабылдағышы мен электронды есептеуіш машина, сондай-ақ миксерді екі есеге, бейнекамераны үш есе, кір жуғыш машинаны — алты есе көп импорттады.

Бұл ретте, жеткізілімдердің ұлғаюы әрқашан осы тауарларды басқа елдерге реэкспорттауға қатысты емес екенін атап өткен жөн. Статистиканың кейбір санаттары бойынша ішкі нарықта сату көлемінің ұлғаюы байқалады. Мысалы, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында дәл осындай бейнекамералар ҚР аумағында 2022 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда үш есе көп сатылған. Ішкі нарықтағы теледидарларды сатылымы 38,4%, электронды есептеуіш машиналар — 82,8%, әртүрлі тұрмыстық электр механикалық аспаптарды — 70,6% өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу