Қазақстанның әуе компаниялары Иран арқылы ұшудан бас тартты

1290

Мамандар жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салау керек деп есептейді.

Қазақстанның әуе компаниялары Иран арқылы ұшудан бас тартты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Ұқпаев Қазақстанның әуе компаниялары Тегерандағы ұшақ апатына байланысты маршруттарын өзгертуі мүмкін, деп хабарлады.

"Шектеу әлі қойылған жоқ. Алайда Air Astana қазір Иранның әуе кеңістігін айнылып өту немесе мүлдем ол бағытта ұшуға шектеу қою туралы кеңес өткізуде",– деді Мадияр Ұқпаев.

Министрліктің мәлімдемесінен кейін Air Astana компаниясының баспасөз қызметі елімізден Дубайға ұшатын маршруттарын өзгерткенін хабарлады. Енді Алматы – Дубай, Нұр-Сұлтан –Дубай бағытындағы рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігі арқылы ұшпайды. Соған байланысты Алматы – Дубай маршрутының ұшу уақыты – 20 минутқа, Дубай – Алматы – 10 минутқа, Нұр-Сұлтан – Дубай – 55 минутқа, Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минутқа ұзарды.

"Air Astana бұл мәселені назарда ұстап, қандайда бір өзгерістер  болып жатса халықты хабардар етіп отырады",– деді компанияның баспасөз қызметі.

Осы орайда SCAT компаниясы да аталған елдердің әуе кеңістігі арқылы өтетін маршруттарын өзгерткенін хабарлады. 

"Парсы шығанағындағы жағдай тұрақталғанша SCAT Қазақстаннан Сауд Арабиясы мен Шарм-Эль-Шейх бағытындағы маршрутын өзгертуге шешім қабылдады. Соған сәйкес Шарм-Эль-Шейх рейсінің ұшу уақыты 1 сағатқа, Сауд Арабиясы 1,5 сағатқа ұзартылды",– деп хабарлады тасымалдаушының баспасөз қызметі.

Жалпы мұндай қадамдарға тек қазастандық тасымалдаушылар ғана барған жоқ. Мәселен, оқиғадан санаулы сағат өткен соң Air France компаниясы да Иран мен Ирак әуе кеңістігі арқылы ұшатын рейстерін тоқтатты, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.

"Air France компаниясы әуе соққыларынан кейін бірден Иран мен Ирак әуе кеңістігі арқылы өтетін барлық рейстерді тоқтатуды шешті. Бұл қауіпсіздік үшін жасылып отырған шара",– деп мәлімдеді француз тасымалдаушысы.

Ал Қазақстан Туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова саяхатқа шығарда қауіпсіздік мәселесін басты назарда ұстау керек дейді.

"Қазір шығыс елдеріне саяхаттаудан ешкім бас тартпады. Себебі апат болғалы көп уақыт өткен жоқ. Мүмкін кейінірек халық турларды қайтара бастауы мүмкін. Ондай жағдайда тур үшін төленген соманың қайтарылуы біздің шетелдік серіктестерімізге байланысты. Бұл бір күнде шешілетін шаруа емес. Әрине, саяхаттау барысында қауіпсіздік мәселесін басты назарда болу керек. Әуе тасымалдаушылары тарапынан қабылданып жатқан шаралар да осыны меңзейді",– деді Рашида Шайкенова.

Естеріңізге сала кетсек "Украина халықаралық әуе жолдарының" Boeing 737-800 ұшағы бүгін Тегеран аумағында апатқа ұшыраған еді. Тегеран-Киев бағытында жолға шыққан әуе лайнерінің бортында болған 176 жолаушының барлығы қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу