Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

797

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауып, күндіз оңтүстікте қатты  жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, жел  15-20  м/с  күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Павлодар, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының  кей жерлерінде көктайғақ, жел  15-20  м/с  күшейеді, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының  кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдін екпіні 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасынмен болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с бұрқасынмен күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман, бұрқасын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу