Қазақстанның гуманитарлық көмегі Ауғанстанның 8 провинциясына таратылды

731

Азық-түлік Қабылдан басқа, Балх, Парван, Панджшер, Логар, Вардак, Бағлан және Саманган провинцияларына жеткізілді.  

Қазақстанның гуманитарлық көмегі Ауғанстанның 8 провинциясына таратылды

Қазақстан тарапы Ауғанстанның су тасқынынан зардап шеккен провинцияларына гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Бүгін Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев Қабыл провинциясының тұрғындарына гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты. Ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы және қоюлатылған сүттен тұратын азық-түлік 5 мыңнан астам мұқтаж отбасына берілетін болады.

"Іс-шараға қатысқан Қабыл провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және АИР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Гулам Бахауддин Жилани Ауғанстан Үкіметі мен халқының атынан қиын кезеңде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді. Елші өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстанға достас қарым-қатынасын атап өтті. Сонымен қатар, еліміз осы күрделі жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу