Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілінің орынбасары тағайындалды

562

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұржан Қайыржанұлы Садықов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілінің орынбасары тағайындалды

Нұржан Садықов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін үздік бітірген.

Еңбек жолын банк жүйесінде бастады, онда 2005 жылдан 2011 жылға дейін шағын және орта бизнесті кредиттеу саласында жұмыс істеді.

2011 жылдан 2012 жылға дейін "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ еншілес ұйымының тәуекел-менеджері ретінде жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалдарында басшылық қызметтерді атқарды.

Сауда өкілдігіне тағайындалғанға дейін "Алматы" ӘКК" АҚ еншілес ұйымында жұмыс істеді.

Үйленген, үш баласы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу