"Қазатомөнеркәсіп" күкірт қышқылының тапшылығына байланысты өндірістік жоспарына түзету енгізбек

416

Компания 1 ақпаннан кешіктірмей 2024 жылға арналған өндіріс жоспарын жаңартуды жоспарлап отыр.  

"Қазатомөнеркәсіп" күкірт қышқылының тапшылығына байланысты өндірістік жоспарына түзету енгізбек Фото: kazatomprom.kz

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ уран өндіру процесінде негізгі құрамдас болып табылатын күкірт қышқылының қолжетімділігіне байланысты күрделіліктерге, сондай-ақ жаңа кеніштердегі құрылыс жұмыстарының аяқталуындағы кідірістерге байланысты 2024 жылға арналған өндіріс жоспарына енгізілетін түзету туралы хабарлайды. Алайда, Компания 2024 жылғы уран жеткізу бойынша өз міндеттемелерін сақтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты компанияның бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы тамызда хабарланғандай, Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі Компанияның 2024 жылы өндіріс көлемін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың 90% деңгейіне дейін ұлғайту ниетін мақұлдады. 2023 жылғы 80%-бен салыстырғанда 2024 жылы өндірісті 90%-ға дейін ұлғайту (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жоспарланған өндіру деңгейінен), ең алдымен, Компанияның жаңа және қазіргі клиенттермен орта және ұзақ мерзімді келісімшарттарды сәтті жасасуына байланысты болды.

2022 жылдың тамызында және 2023 жыл бойы Компания сонымен қатар жаһандық жеткізу тізбегіндегі қиындықтарға және белгілі бір негізгі материалдар мен реагенттерге шектеулі қолжетімділікке байланысты өндірістің ұлғаюына байланысты тәуекелдерді атап өтті.

Қазатомөнеркәсіп үнемі барлық күш-жігерін жұмсап, негізгі материалдар мен реагенттерді жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда, алайда күкірт қышқылын жеткізу төңірегінде қалыптасқан күрделі жағдай Қазақстанда да, тұтастай алғанда өңірде де қарқынды дамып келеді. Өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының шикізатқа өсіп келе жатқан сұранысын, сондай-ақ ішкі және сыртқы өңірлік нарықтағы тапшылықты ескере отырып, жеткізушілермен алдын ала уағдаластықтар 2024 жылға күкірт қышқылының талап етілгеннен аз көлемін қамтамасыз етуге әкелді.

Күкірт қышқылын жеткізудің баламалы көздерін белсенді іздеудің жалғасуына қарамастан, қазіргі болжамдар Компанияның жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының деңгейімен салыстырғанда өндірістің 90% деңгейіне жетуі қиын болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Қазіргі уақытта Компания қалыптасқан жағдайдың оның операциялық қызметіне қандай әсер ететінін бағалайды және 2024 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей 2023 жылғы төртінші тоқсандағы қызметтің операциялық нәтижелерін шығару шеңберінде 2024 жылға арналған өндіріс жоспары бойынша нақтыланған болжамдарын ұсынуды жоспарлап отыр.

Қазатомөнеркәсіп 2024 жылға арналған жеткізілімдер бойынша барлық қолданыстағы клиенттер алдында өзінің келісімшарттық міндеттемелерін ұстанады. Егер күкірт қышқылына шектеулі қолжетімділік ағымдағы жылы сақталса және Компания 2024 жылы жаңа кеніштерде құрылыс кестесі бойынша артта қалушылықты қысқарта алмаса, бұл Қазатомөнеркәсіптің өндірістік жоспарларына және 2025 жылы жеткізу тізбегіне байланысты елеулі тәуекелдерді ескере отырып, теріс әсер етуі мүмкін. 2025 жылға арналған жаңартылған өндірістік жоспарлар Компанияның 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелерін ашу шеңберінде болжамды түрде жарияланады деп күтілуде, бірақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар өндірісінің 100% көлеміне табысты оралу тәуекелге ұшырауы мүмкін.

Компания осы жағдайды шешуге күш салуын жалғастырады және күкірт қышқылының қол жетімділігі және оның өндіріске әсері бар жағдай дамыған сайын мүдделі тараптарды тиісті түрде хабардар етеді.

Бұрын мәлімделген жоспардағы өндіріс көлемінен ауытқудың әлеуетті көлеміне сәйкес келетін уран қорлары жер қойнауында қалып отырғанын және біздің акционерлеріміз үшін ұзақ мерзімді құндылықты құра отырып, нарықтық өсудің болашақ кезеңдерінде өндіру және өткізу үшін қолжетімді болатынын атап өту маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу