"ҚазМұнайГаз" бен француз корпорациясы келісімге қол қойды

2068

Француздық компанияның Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялары шамамен 200 миллион долларды құрайды.

"ҚазМұнайГаз" бен француз корпорациясы келісімге қол қойды

Парижде өткен Қазақстан-Француз инвестициялық форумы аясында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "Air Liquide" жетекші француз корпорациясы арасында келісімге қол қойылды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Құжат Атырау облысында салынып жатқан газ-химия кешенінің қажеттіліктері үшін сығылған ауа мен азот өндіретін қондырғының құрылысын және олардың ұзақ мерзімді тасымалдауын қамтамасыз етуді қарастырады. Келісімді ескере отырып, компанияның Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялары шамамен 200 миллион долларды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу