KEGOC І жартыжылдыққа дивиденттер төлеуге 6,5 млрд теңге қарастырып отыр

1127

KEGOC  І жартыжылдыққа дивиденттер төлеуге 6,5 млрд теңге қарастырып отыр

"KEGOC" АҚ 2016 жылдың І жартыжылдығы үшін қарапайым акциялар бойынша дивиденттер төлеуге таза кірістің 40%-ын бөлді. Оны ақшаға шаққанда  6,48 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті.

Аталмыш шешім үстіміздегі жылғы қазанның 28-нде  "KEGOC" АҚ-ы акционерлерінің кезектен тыс жиналысында қабылданды. 2015 жылдың І жартыжылдығында компания дивиденттер төлеуге  2,444 млрд теңге бөлген. Осылайша, үстіміздегі жылы І жартыжылдықтың дивиденттері  2,7 есе өсті.  

"Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза кірістің 6,48 млрд теңге мөлшеріндегі 40% "KEGOC" АҚ-ның жай акцияларын ұстаушыларының барлығына үлестірілетін болады, ол "KEGOC" АҚ-ның бір жай акциясына шаққанда 24, 93 теңгені (жиырма төрт теңге тоқсан үшін тиын) құрайды", – делінген хабарламада. Дивиденттер  2016 жылдың  14 қарашасынан бастап төлене бастайтыны айтылады.

Компанияның  2016 жылғы І жартыжылдықтағы таза кірісі 16,202 млрд теңге болды.  Компания  260 млн қарапайым акцияға ие, олардың барлығы саудаға шығарылған.  90% үлеске ие негізгі акционері  "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ болып табылады. 2014 жылдың желтоқсанында  "Халықтық ІРО" бағдарламасы аясында KEGOC-тың қарапайым акцияларының 10%-ы  Қазақстандық қор биржасына шығарылған болатын.  Электр желілерін басқару жөніндегі ұлттық компания еліміздің бірыңғай электр энергиясы жүйесінің операторы қызметін атқарады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу