Кейбір экономикалық құқық бұзушылықтар қылмыстық сипаттан арылады

265

Қылмыстық кодекстің 4 бабы қылмыссыздандырылады. 

Кейбір экономикалық құқық бұзушылықтар қылмыстық сипаттан арылады Фото: freepik

Мәжіліс экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзутелерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұсынылып отырған заң жобасымен Қылмыстық кодекстің 4 бабы қылмыссыздандырылып, Қылмыстық процестік кодекстің 1 бабына өзгеріс енгізіліп отыр. Атап айтқанда, толықтай қылмыссыздандыруға екі бап ұшырайды. Олар ҚК-нің 219-бабын (Кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану), ҚК-нің 241-бабын (ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу), ӘҚБтК-нің 239-бабының 6-бөлігіне көшіре отырып. Ішінара қылмыссыздандыруға екі бап – ҚК-нің 234-бабын (Экономикалық контрабанда), ӘҚБтК-нің 551-бабына көшірілуімен, ҚК-нің 236-бабын (Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару). Түзетулермен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 551-бабында жауапкершілікті көздей отырып, ірі мөлшерде құқық бұзушылық жасаудың саралау белгілерін қылмыстық сипаттан арылта отырып, қылмыстық жауаптылықтың басталу шегін көтеру ұсынылады", - деді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

Сөзінше, қылмыстық жауапкершіліктің басталу шегі аса ірі мөлшерге дейін көтеріледі. Қылмыстық кодекстің 234-бабы бойынша шегі 10 мыңнан 20 мың АЕК-ке дейін, 236-бап бойынша 5 мыңнан 10 мың АЕК-ке дейін көтеріледі.

"Салық қылмыстары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың әділ тетігін енгізу шеңберінде істерді тіркеуге жол берілмейтін ҚПК-нің 179-бабының 1-бөлігін 3) тармақпен толықтыру ұсынылады. Тиісті актісіз не қорытындысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар екендігін көрсететін жеткілікті деректер бар қорытындысыз; актілерге жоғары тұрған органда не сотта шағымданған кезде; салықтардың есептелген сомаларын толық ерікті түрде өтеу кезінде (жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей не декларация ұсынбай мәмілелер бойынша есептеулер жүргізілген жағдайларды қоспағанда)", - деді құжатты таныстырған депутат.

Қылмыстық кодекстің 219, 241, 134 және 236-баптарын қылмыссыздандыруға байланысты Қылмыстық кодекстің 3-бабы, Қылмыстық процестік кодекстің 32 және 187-баптары және ӘҚБтК-нің 720, 722 және 804-баптары сәйкестендіріледі

Айта кету керек, осыған дейін кейбір экономикалық құқық бұзушылықтар үшін жаза жеңілдеуі мүмкін екенін жазған болатынбыз. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру туралы заң жобасы бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Депутат құжаттың қазақша атауын сынға алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу