Кеңес Рақышев қазақ тілінде жазылған ең үздік романға 1 млн теңге сыйақы тағайындады

1140

Кеңес Рақышев қазақ тілінде жазылған ең үздік романға 1 млн теңге сыйақы тағайындады

Бүгін Алматы қаласында "Алтын қалам-2016" әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Осыған сәйкес, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ тілінде жазылған ең үздік романға арнайы сыйақы тағайындалды, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған 7kun.kz.

"Жеңімпазға кәсіпкер, меценат Кеңес Рақышев 1 млн теңге тарту етеді. Сондай-ақ, оның қолдаумен "Алтын қалам" байқауы жеңімпаздарының кітабы шығарылады", — дейді байқауды ұйымдастырушылар.

"Алтын қалам" әдеби байқауы бесінші рет өткізіліп отыр. Мұндай конкурсты өткізу туралы ұсыныс жасағандардың қатарында Досым Сәтпаев, Қуат Домбай, Кенже Жұманұлы, Расул Жұмалы, Айдос Сарым және Татьяна Филипчик бар.

Биыл конкурсқа Қазақстаннан бөлек АҚШ, Малайзия, Германия, Чехия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Израиль елінен келген 446 автордың 863 шығармасы қатысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу