Кенияда салықтың өсуіне қарсы наразылықта 40-қа жуық адам қаза тапты

173

Кенияда салықты көтеру туралы заңға наразылық акциясы барысында кем дегенде 39 адам қаза тауып, 360-тан астам адам зардап шекті.  

Кенияда салықтың өсуіне қарсы наразылықта 40-қа жуық адам қаза тапты Фото: Известия

Бұл туралы 1 шілдеде Кенияның адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиясы (KNCHR) хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz сайты. 

"Біздің мәліметтеріміз бойынша, бүкіл ел бойынша наразылықтар салдарынан 39 адам қаза тауып, 361 адам жарақат алды. Бұл 2024 жылғы 18 маусымнан 2024 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңдегі жиынтық деректер", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, наразылық акцияларына қатысушылардың арасында 627-і тұтқындалды, 32 адам жоғалып кеткен. Комиссия мемлекеттік инфрақұрылым нысандарын сындыру және өртеу, жеке меншікті жою, автокөліктерді өртеу, дүкендерді бұзу мен тонау жағдайларын атап өтті.

"KNCHR наразылық білдірушілерді [наразылық білдіру] құқығын жүзеге асыра отырып, заң шеңберінде өзін ұстауға шақырады", — деп атап өтті комиссия.

Бұған дейін, 26 маусымда Кения президенті Уильям Руто елдегі жаппай наразылықтар тудырған салықты ұлғайтуды көздейтін бюджет жобасына қол қоюдан бас тартып, оны Парламентке қайта қарауға жібергені белгілі болды.

25 Маусымда Рута әскери күштерді үкіметке қарсы жаппай наразылықтарды басуға жіберді. Сол күні наразылық білдірушілер Найробидегі парламент ғимаратына кіріп, оны өртеп жібергені туралы хабарланды. 

Найроби көшелерінде оқ атылды: демонстранттар полициямен қақтығысқа түсті, тәртіп сақшылары сегіз тәртіпсіздікке қатысушыны атып тастады, олардың тағы 50-і зардап шекті.

Кенияда наразылықтар маусымның ортасынан бастап Үкіметтің бірқатар тауарлар мен қызметтерге салықты көтеру жоспарына байланысты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу