"Кеңқияқ-Атырау" мұнай құбырына дейінгі тұйықтағыш құрылысы аяқталды

1289

Объектінің пайдалануға берілуі реверстік бағытта ай сайынғы мұнай айдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

"Кеңқияқ-Атырау" мұнай құбырына дейінгі тұйықтағыш құрылысы аяқталды

Н. Шманов атындағы МАС-та "Кеңқияқ-Атырау" мұнай құбырының реверсі жобасының бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

"ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Димаш Досанов Н. Шманов атындағы МАС-тан "Кеңқияқ-Атырау" мұнай құбырына дейінгі екі желілік тұйықтағыш құрылысын аяқтау презентациясына қашықтан қатысты.

"Ел басшылығы бізге "Кеңқияқ-Атырау" мұнай құбырының реверсі жобасын уақтылы пайдалануға беруді міндеттеді, бұның іске асырылуы құбырдың өткізу қабілетін жылына 6 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Құрылысты биылғы жылдың аяғына дейін аяқтау үшін бар күшімізді салуымыз керек", – деді Димаш Досанов онлайн-трансляция барысында.

Реверс жобасы Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары жүйесін салудың және дамытудың бірден бір кезеңі. Реверс аяқталғаннан кейін еліміздің мұнай өңдеу зауыттары: "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС, Павлодар мұнай-химия зауыты және экспорттық бағыттармен ("Атасу-Алашанькоу" м/қ бойынша, Шағыр МҚП-да т/ж цистерналарына құю) батыс қазақстандық кен орындарын байланыстыруға мүмкіндік туады.

"Бірінші іске қосу кешені шеңберінде Н. Шманов атындағы МАС-тан "Кеңқияқ-Атырау" мұнай құбырына дейін екі желілік тұйықтағыш құрылысы, сондай-ақ мұнай құбырының желілік бөлігін реконструкциялау аяқталды. Объектінің пайдалануға берілуі реверстік бағытта ай сайынғы мұнай айдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ еліміздің мұнай өңдеу зауыттарын тұрақты жүктеуді және Қытайға қазақстандық мұнай экспортын қамтамасыз етеді", – деп мәлімдеді "МұнайТас" ЖШС бас директоры Мақсат Хәлімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу