Кеше шетелден келген 307 азамат ПТР-тест тапсырды

1315

2021 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

Кеше шетелден келген 307 азамат ПТР-тест тапсырды

Кеше шетелден келген 2 561 әуе жолаушыларының ішінде 307 азаматта ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болмаған. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінен хабарланды, деп жазады inbusiness.kz

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 128 жолаушы, анықтамамен - 1 889, анықтамасыз - 239;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 433 жолаушы, анықтамамен - 365; анықтамасыз - 68.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу