"Кешіріңіздер, мен бұған лайық емеспін": Тамара Асар марапатын сынаушыларға жауап берді

5811

"Хыйуаз Доспанова" атындағы медаль алған белгілі әнші Тамара Асар сынның астында қалған еді. 

"Кешіріңіздер, мен бұған лайық емеспін": Тамара Асар марапатын сынаушыларға жауап берді Фото: Inbusiness.kz

Өнер иесі осыған қатысты сынға жауап берді.

"Ештеңе оқыған жоқпын деп өтірік айта алмаймын. Әркім әр түрлі пікір айта береді. Маған берді ме, беруі керек болған шығар. Ешкімге ешқандай уәж айтпаймын. Халық өзі береді, халық өзі алады. Бұл – халықтың ішінен шыққан марапат",  – деп жауап берді әнші.

Ол халыққа қарсы ештеңе айта алмайтынын да жеткізді.

"Халық не айтса да, дұрыс. Бұл – мемлекеттік награда емес. Кімнің шамына тиіп жатқанын түсінбеймін?! Басын иіп, кеудеме төсбелгіні түйреген қарттың өзі сексеннен асқан адам екен. Сондықтан әкемдей адамға "Кешіріңіздер, мен бұған лайық емеспін" деп бетін қайтара алмаймын ғой", – деді ол.

Еске сала кетсек, әнші жақында "Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова" атындағы медальмен марапатталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу