Қазақстан футбол федерациясынан жымқырылған 2 млрд теңге қайтарылды

Мұны мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Жеңіс Елемесов айтып отыр.  

Қазақстан футбол федерациясынан жымқырылған 2 млрд теңге қайтарылды Фото: Forbes.kz

Қаржылық мониторингі агенттігі төрағасының орынбасарының сөзінше, осы қылмыстық іс шеңберінде федерация басшылығы 2 млрд теңге ақшаны бюджетке өтеген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жеңіс Елемесов өз кезегінде Қазақстан футбол федерациясы басшылығына қатысты тың ақпарат айтпаған. Десе де, федерацияның экс-басшысы Әділет Бәрменқұловтың тергеуге ілінбегенін қоса кетті. 

Осыған дейін Қазақстан футбол федерациясының экс-президентіне қатысты іс әлі қозғалмағанын жазған едік. 

Кейіннен Бас прокуратура ел футболында жоғалған 3 млрд теңгенің ізін тапты. 

Онда заңбұзушылықтар қатарында негізсіз сыйақылар төлеу, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру фактісі бар екеннін хабарлаған-ды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу