Кибершабуылдан ірі компанияларға 900 мың доллар залал келген

794

Қазақстан мен Ресейдегі ірі компанияларға әдейі жасалған кибершабуылдан 900 мың доллар залал келген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кибершабуылдан ірі компанияларға 900 мың доллар залал келген

"Kaspersky" дерегінше, биыл қос елдегі ірі компаниялар кибершабуыл салдарынан орта есеппен 900 мың доллар жоғалтқан. 

Хакерлер арнайы құралдарды пайдалана отырып, компанияларға әдейі кибершабуыл жасайды: олар барлау жұмыстарын жүргізеді және сипаттамаларға байланысты шабуыл құралын таңдайды.

Қазақстан мен Ресейдегі ірі бизнес үшін ең қымбат кибершабуыл электронды жүйелерден деректердің таралуы болып саналады (мұндай шабуылдан келген залал сомасы 1 млн доллардан асады). 

"Сондай-ақ әдейі жасалған кибершабуыл (залал сомасы шамамен 900 мың доллар), жеткізу тізбегіне шабуыл жасау (залал сомасы 700 мыңнан доллар асады) бар. Шағын және орта бизнес үшін қызметкерлердің киберқауіпсіздік саясатын бұзуы, криптомайнерлердің шабуылдары және компания деректермен алмасатын үшінші тарап жеткізушілеріне шабуыл жасау да ең қымбат кибер шабуыл қатарына жатады", – деп жазылған хабарламада.

"Жаңа зерттеу барысында бизнестің алдында тұрған киберқауіпсіздік тұрғысынан ең күрделі міндеттердің бірі – деректерді қорғау, заңнамалық нормаларға сәйкестік, сондай-ақ қызметкерлердің цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру", – деді Kaspersky-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов. 

Сонымен қатар ол кибершабуылдар мен деректердің таралып кету қаупін азайту үшін компанияларға антивирустық бағдарлама орнатуға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу