"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылды, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.
Парниктік газдар шығарындыларының квоталарына сауда жүйесін жетілдіру мақсатында Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттері негізінде квоталау әдісін қолдану қажет. Осыған орай, ҚР Экологиялық Кодекстің (әрі қарай - Кодекс) 1 бабының "парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті" терминін анықтайтын 65-4) тармақшасымен толықтырылды.
Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесін бекіту бойынша заңнамалық олқылықты жою мақсатында Заңмен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органына парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесін әзірлеу және бекіту құзыреті қарастырылды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңін анықтау бөлігіндегі құзыреті бойынша олқылықты жою үшін "әзірленеді және тиісті кезеңге бекітіледі" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тиісті кезеңге әзірленеді" деген редакцияға ауыстыруды қарастыратын түзету енгізілді.
Кодекске шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасауға ықпал ететін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, атап айтқанда міндетті түрде қоғамдық тыңдаулар өткізуді талап ететін жобалар тізімінен қоршаған ортаға әсері бар жобалар тізімінің жоспарланған іс-шараларға жобалау алды және жобалау құжаттамасын алып тастау. Бұл түзету Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңымен ратификацияланған Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияда көзделген халықаралық міндеттемелерге сәйкес келеді.
Сондай-ақ, Кодекске заттардың сапасының нормативтерін белгілеуді талап етпейтін нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған күйінде ілесіп шыққан шахта суларын тоған-жинақтағышқа және (немесе) тоған-буландырғышқа төгу мүмкіндігін қарастыратын түзету енгізілді.
Заңнамалық деңгейде тазартылмаған күйінде ілесіп шыққан шахта суларын тоған-жинақтағышқа және (немесе) тоған-буландырғышқа төгу мүмкіндігі қарастырылған.
Қалдықтардың ондай түрі ұғымының болмауына байланысты қалдықтардың кейбір түрлерінің ұғымдарын алып тастау қарастырылды, мысалы, "тұрмыстық техниканы, жиһазды және өзгелерді қоса алғанда, ірі габаритті қалдықтарды".
"Пайдаланылған автомобиль майлары мен сұйықтықтары" қалдықтар атауы алынып тасталады, себебі аталған норма Кодекстің 301-бабының 1-тармағындағы қолданыстағы нормада "сұйық қалдықтар" ұғымы ретінде қамтылады.
Заң жобасымен қалдықтардың кейбір түрлерінің атауын өзгерту және біріктіру қарастырылды (кеңсе техникасы, тұрмыстық техника атауы электронды және электр жабдықтар атауына ауыстырылады)
Республика аумақтарында тиісті инфрақұрылымның болмауына байланысты пластмасс, пластик, полиэтилен және ПЭТ-қаптама қалдықтары, макулатура, картон және қағаз қалдықтары, шыны сынықтары, сонымен қатар құрылыс және тамақ қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салатын 2018 жылғы 31 желтоқсанына дейін шегеру нормасы қабылданады.
Қондырғы операторларының парниктік газдар шығарындыларын түгендеу бойынша есептерін ұсыну бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағы 29) тармақшасының 4-абзацы мен 2-бабының арасындағы коллизияларды жою мақсатында 324-баптың 11- тармағы жаңа редакцияда жазылады.
Бұл өзгерістер қосымша әкімшілік кедергілерді болдырмайды және қоршаған ортаның ластануының алдын алады.