Бірінші қабаттағы пәтерде жарылыс болып, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көршілер мен куәгерлер алты бала мен екі ересек адамды құтқарған.
"Алдын ала ақпарат бойынша пәтерде екі отбасы тұрған. Пәтер иесі көшеден төрт литрлік газ баллонын алып келген. Айта кету керек, көп қабатты үй орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Үй иесінің неліктен үйге газ баллонды пәтерге кіргізгені анықталуда. Зардап шеккен балалар шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жедел жәрдем көлігінде екі ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында ТЖД 21 қызметкері, жеті техника, тоғыз полиция қызметкері және үш жедел жәрдем көлігі жұмыс істеді",– дейді ТЖМ-дан.
Ақмола облысының ТЖД газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттігін ескертеді. Баллондарды тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған мамандандырылған пунктерде ғана толтыру керек. Баллонды суықтан жылыға кіргізуге болмайды. Газ көлемі жылыту құралдарының жанына қойғанда күрт ұлғаяды. Мұның салларынан жарылыс болуы мүмкін.