Көлік жүргізушілері еліміздің ақылы жолдары арқылы 22 млн астам рет жүріп өтті

187

Бұл сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын көрсетеді. 

Көлік жүргізушілері еліміздің ақылы жолдары арқылы 22 млн астам рет жүріп өтті Фото: inbusiness.kz

2024 жылдың басынан бері еліміздің көлік жүргізушілері ақылы жолдар арқылы 22 млн астам рет жүріп өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақылы жолдар тек жылдам қозғалысты қамтамасыз етпей, сонымен қатар қалалар мен елдер арасындағы сенімді байланысты орнатып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді.
 
Ең көп жүретін бағыт Шымкент-Өзбекстан шекарасы жолы, онда 3,6 млн сапар тіркелді. Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын бұл маршрут транспорттық дәліздің маңызды бөлігі әрі екі ел арасында экономикалық байланыстың дамуына маңызды.
 
Келесі жолдар жақсы қозғалыс қарқындылығын көрсетті:
 
1. Алматы-Қонаев учаскесінде 2,9 млн сапар тіркелді. Бұл бағыт арқылы туристер мен оңтүстік өңірлердің тұрғындары Алматы қаласының әсем табиғаты мен қала мәдениетін көру үшін қатынайды. 

2. Шымкент-Тараз учаскесінде 2,56 млн сапар тіркелді. Бұл бағыт еліміздің оңтүстік өңірінің екі қаласын байланыстырып, аймақтың транспорттық инфрақұрылымының жақсартуға бағытталған. 

3. Тараз-Қайнар учаскесінде 1,9 млн сапар тіркелді, ол аймақ ішінде қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді. 

4. Шымкент-Қызылорда учаскесінде 1,87 млн сапар тіркелді. Бұл бағыт Қазақстанның екі ірі қалалары үшін маңызды жолдардың бірі. 

5. Астана-Теміртау учаскесінде 1,56 млн сапар тіркелді. Бұл бағыт елорданы ірі өндіріс қалалардың бірімен байланыстырады. 

6. Ал Қонаев-Талдықорған учаскесінде 1,5 млн сапар тіркелді. Екі қала арасындағы қатынас үшін маңызды. Өңірдің дамуына ықпал етеді. 

7. Астана-Щучинск учаскесінде 1,33 млн сапар тіркелді. Щучинск өте танымал туристік бағыттардың бірі және бұл маршрут ішкі туризмнің дамуына септігін тигізеді. 

8. Щучинск-Көкшетау учаскесінде 1,15 млн сапар тіркелді. Бұл бағыт Щучинск пен Көкшетау арасындағы қатынас үшін маңызды, өңірдің және туризмнің дамуына әсер етеді. 

9. Алматы-Қорғас учаскесінде 929 мың сапар тіркелді. Бұл бағыт Қазақстан мен Қытай арасындағы маңызды транспорттық дәліз. Ол екі арасындағы сауда-экономикалық қатынастары үшін маңызды. 

10. Астана-Павлодар учаскесінде 910 мың сапар тіркелді. Бұл бағыт астананы еліміздің ірі өндірістік қаласымен қосатын маңызды жолдардың бірі. 

11. Көкшетау-Петропавл учаскесінде 572 мың сапар тіркелді. Бұл бағыт еліміздің солтүстік өңіріндегі екі ірі қала арасындағы қатынасты қамтамасыз етеді. 

12. Павлодар-Семей-Қалбатау учаскесі арқылы 490 мың сапар тіркелді. Бұл бағыт Қазақстанның бірнеше шығыс өңірлерін байланыстырып, аймақтардың транспорттық байланысының артуына септігін тигізеді. 

13. Орал- РФ шекарасы (Самараға қарай) учаскесінде 385 мың сапар тіркелді. Бұл бағыт Қазақстан мен Ресей арасында маңызды қатынасты қамтамасыз етеді. 

14. Павлодар-РФ шекарасы (Омбыға қарай) учаскесінде 328 мың сапар тіркелді. Бұл бағыт Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық қатынас үшін маңызды.

15. Орал-РФ шекарасы (Саратовға қарай) учаскесінде 210 мың сапар тіркелді. Бұл бағыт Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық қатынас үшін маңызды.

16. Бейнеу-Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) учаскесінде 94,6 мың сапар тіркелді. Бұл бағыт Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық қатынасы үшін маңызды. 

Ақылы жолдарға деген мұндай жоғары сұраныс, жол инфрақұрылымының дамуына жаңа серпін береді. Жолдардың сапасын арттыру тек көлік қарқындылығының өсуіне ғана емес, сондай-ақ заманауи жол желілері бар аймақтардың экономикалық өсуіне ықпалы етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу