Көмекке жүгінбегендерге МӘМС жарнасының 50% қайтару: "Қаражат қайтарылуға жатпайды"

514

Дәрігердің көмегіне жүгінбеген, сақтандырылған мәртебесі бар қазақстандықтарға МӘМС жарнасының 50 пайызын өтеу ұсынылды. 

Көмекке жүгінбегендерге МӘМС жарнасының 50% қайтару: "Қаражат қайтарылуға жатпайды" Фото: inbusiness.kz

Бұл мәселеге қатысты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдірді.

"Бастапқыда МӘМС іске қосылған кезде заңда бұл жүйенің міндетті және ынтымақты екендігі анық жазылған. Сондықтан қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаражат қайтарылуға жатпайды. Себебі бүгінде бұл пациент көмек ала алмағанымен, бірақ келесі жылы оған млн теңгенің көмегі қажет болуы мүмкін. (...) Яғни азамат бір жыл бойы жарнасын төлегенімен, бірақ медициналық көмекке жүгінбесе, азамат болашақта ауырып қалған кезде медициналық қызметті ақысыз осы жүйе арқылы ала алады. Әсіресе, шұғыл жағдайларда немесе жүрек ауруларының жағдайларында ем өте қымбат тұражы", - деді вдеомство басшысы журналистердің сауалына берген жауабында.

Министрдің айтуынша, бұл жүйе ауырған адамға толық көмек көрсетуге оңтайланған.

"Қандай  жағдай болмасын бұл жүйедегі (авт. – МӘМС) адамдар медициналық көмекті ала алады", - деді ведомство басшысы Үкімет кулуарында.

Еске салайық, осыған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Рақымжанов бір жылда дәрігерге жүгінбегендерге МӘМС жарнасының 50%-ын өтеуді ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу